Каспий жағасына шығып қалған итбалықтың саны артты

Almaty.tv
Almaty.tv
Өлекселер жиналған аумаққа арнайы жұмыс тобы аттанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Каспий жағасына шығып қалған итбалықтың саны 103-ке жетті. Теңіз жануарларының неден қырылғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір өлекселер жиналған аумақта арнайы жұмыс тобы аттанды. Олар жағалау аймағын тексеріп, мониторинг жүргізеді.

Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі экология департаменті су сынамаларын алып, ішкі ағзалардың тіндерін іріктеген. Итбалықтардың тырнағы мен азу тісі, жүн сынамалары алынды.

Естеріңізде болса, 29 наурызда 78 өлексенің жағаға шығып қалған. Нақты нәтиже зерттеуден соң белгілі болады.

– Итбалықтарды теңіз желі соққанда жағалауға айдап әкеліп тастайды. Жағалауда жүрген инспекторлар тауып, хабарлаймыз. Денесінде ешқандай ұрылған, соғылған белгі жоқ. Аузында да із жоқ. Арнайы ғалымдар тексеріп, себебін айтады, – деді Балық инспекциясы басқармасының бас маманы Әлібек Жәлелов.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында заңсыз құжат рәсімдегендер ұсталды

Новости партнеров