Жамбыл облысында шаруалардың атынан субсидия алған алаяқ сотталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Қылмыскер бас-аяғы 340 миллион теңгені қалтаға басып, өз қажетіне жаратқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында 40 шаруаның атынан субсидия алған алаяқ 7 жылға сотталды. 36 жастағы Түркістан азаматы өзін аграрлық корпорация өкілі деп таныстырып, диқандар сеніміне кірген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оларға «төмен бағада жоғары картоп сұрпын алуға көмек беремін» деп, электронды құжатын жиып алыпты. Субсидияға өтінім беріп, түскен қаржыны шешіп алып отырған. Қылмыскер бас-аяғы 340 миллион теңгені қалтаға басып, өз қажетіне жаратқан. Зардап шеккендердің арасында Жамбыл, Түркістан мен Шығыс Қазақстан облысының фермерлері бар. Алаяқ шаруаларға тыңайтқыш та алып беремін деп сан соқтырыпты.

– Қылмыскер әккі әрекетін 2 жыл бойы жүзеге асырып келген. Ол өзі ғана емес бұл іске туыстарын да тартып, олардың шоты арқылы да ақша шешіп отырған. 40-тан аса шаруа алданды десек, оның басым бөлігі - жамбылдық диқандар. Мемлекетке келген шығын көлемі 340 млн теңгеден асады. Оның 40 млн теңгесі – минералды тыңайтқыш алуға бөлінген қаржы, – деді облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Жағыпар Исатаев.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталды

Новости партнеров