|
23.08.2022 | 18:42
3592

Қаңтар оқиғасы: Қауіпсіздік қызметкерлеріне қатысты 40 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Қолды болған қару-жарақтың тағы 2000-нан астамының қайда екені белгісіз

Қаңтар оқиғасы: Қауіпсіздік қызметкерлеріне қатысты 40 қылмыстық іс тергеліп жатыр Almaty.tv

Қаңтар оқиғасынан кейін қауіпсіздік қызметкерлеріне қатысты 40 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тәртіпсіздікке қатысты – 4642 іс қозғалған. Оның 2,5 мыңы – ұрлық, 710-ы қаруды ұрлау немесе сақтау фактілері. Бұл туралы еліміздің Ішкі Істер Министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, бүгінде ұрланған қарудың 873 данасы тәркіленген. Оның 480-і стандартты, 387-сі азаматтық қару екені анықталыпты. Қолды болған қару-жарақтың тағы 2000-нан астамының қайда екені белгісіз. Іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Қазір біз басқа құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ұйымдастырушылар мен осы оқиғаларға тікелей қатысы бар күдіктілерді анықтау бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Олардың әрқайсысы бойынша мұқият тергеу жүргізіліліп жатыр», – деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир