Түркістан облысында 5 жасар қыз азғынның құрбаны болды

ernur.kz
ernur.kz
Күдіктіні ауыл адамдары полицияға өздері ұстап берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Арыс қаласында 5 жасар қыз азғын құрбаны болды. Осылай деп шулаған аймақ тұрғындары бірнеше күннен бері ес жия алмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қаршадай қызға зәбір көрсеткен қаскөй дәл сол ауланың тұрғыны болып шықты. Күдіктіні ауыл адамдары полицияға өздері ұстап берген.

Тұрғындар азғындыққа барған жігіттің бойдақ екенін және тұрақты жұмысы жоғын айтады. Көпшілік сөзінше, ол арам ойын тапа тал түсте іске асырған. Көзіне жас толған қаршадай қыз подъезден қашып шығыпты. Дәл сол уақытта жәбірленушінің әкесі далада жүрген екен.

– Арлы-берлі өтіп жүрген жігіт болатын. Сол оқиға болған кезде қыздың әкесі подьездің алдында машине жуып тұрған. Ал оқиға 3-қабатта болған. Ол қыз шығып, әкесіне айтқан, – дейді Арыс қаласының тұрғыны Айгүл Ишанова.

– Азғын ойын  іске асырған соң, өзі мойындады. «Кешіріңіздер, мен білмей қалдымғ мені де шайтан ұрды» деп айтқан. Бізде бейнекамера жоқ, – дейді Арыс қаласының тұрғыны Гүлдана Исалиева.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы қыз жансақтау бөліміне жатқызылды, тамағы жырылды деген ақпаратты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, 5 жасар бүлдіршін қазір үйінде. Ал күдіктіні көпшілік полицияға өздері ұстап берген.

– Бұл факт ҚР ҚК 121-бабы, 4-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір бүлдіршін үйінде, – деді Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Қуатов.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде жарақат анықталмаған.

Назерке Үкібасова, Ильдар Жунусканов, «Алматы» телеарнасы, Түркістан облысы

Оқи отырыңыз: Қапы қалмаңыз: көрермен көзайымына арналған үздік жобалар

Новости партнеров