Түркістан облысында жергілікті тұрғынды қорқытып, 5 миллион теңге бопсалаған 2 адам қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар көшенің қақ ортасында жәбірленушіден ақша алып жатқан сәтте ұсталған. Тінту кезінде заттай айғақтардан бөлек, оқ-дәрілер тәркіленді. Анықталғандай, қос күдіктінің бірі бұған дейін де сотты болған. Қазір полиция олардың өзге қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
«Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден жәбірленуші берген қаражатты тәркіледі. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде 6 дана оқ табылды. Тиісті сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғалымбек Тұрысбеков.