Полицейлер сүйген қызының әкесіне оқ атқан күдіктіні әлі іздестіріп жатыр
Almaty.tv
Қаруланған жігітті төртінші күн қатарынан таба алмай жүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында бір отбасының отағасына оқ атқан азамат әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицейлер қаруланған жігітті төртінші күн қатарынан таба алмай жүр.
Еске салайық, өткен сенбіде Шалқар ауылында сүйіктісіне келген ер адам оның әкесінің аяғынан атқан еді. Үйге кіре салып, өзге отбасы мүшелеріне де қару кезеген. Абырой болғанда, сүйген қызы тығылып үлгеріпті. Кейін әлгі азамат оқиға орнынан бой тасалаған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Қаскелең қаласының 29 жастағы тұрғыны.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48