Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында дәретханадан табылған үш жастағы қыздың өліміне қатысты тың дерек пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Арада 3 ай өткенде бүлдіршін дәретханаға түсіп кетті деген ақпар өзгеріп, бұл өлімге оның көршісі күдікті деп танылды. Қатысы бар болуы мүмкін деген азамат – Сіргелі ауылының 16 жастағы 10-сынып оқушысы. Ауыл тұрғындарының айтуынша, сұмдықтың беті құрбан бола жаздаған екінші қыздың шағымынан соң ашылған. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, бойжеткен жауапқа тартылып жатыр. Алайда оның ақыл-есінде кемшілік бар екені анықталған.
Түркістан облысының Полиция департаменті:
«Полиция 3 жастағы қыздың қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оның денесі биыл мамырда Сарыағаш ауданындағы үйлердің біріндегі дәретханадан табылған. Тергеу іс-шаралары барысында бұл оқиғаға кәмелетке толмаған күдіктінің қатысы болуы мүмкін екендігі анықталды. Аталған жағдайға байланысты және күдіктінің психологиялық ахуалын ескере отырып, азамат мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды».
Оқи отырыңыз: ШҚО-да туберкулезден көз жұмғандардың саны артты