Түркістанда тұрғындарды алдап кеткен бойжеткен ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Шымкент қаласының тұрғыны екені және осындай 15 қылмысқа қатысы бары анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістанда тұрғындарды 4 миллион теңгеге алдап, сан соқтырып кеткен бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәбірленуші ер азамат жергілікті полицияға шағымданып, 1 жыл бұрын бейтаныс азаматша әйелінен 800 мың теңге алғанын және әлі күнге дейін қайтармағанын айтқан. Сөзінше, алаяқ қыз 2021 жылы аукционнан қомақты ақша шығарып беремін деп сендіріпті. Арыз негізінде аталған жайт «Алаяқтық» фактісі бойынша тіркеліп, күдікті тұрғылықты мекен жайынан табылған. Кейін оның жұмыссыз, Шымкент қаласының тұрғыны екені және осындай 15 қылмысқа қатысы бары анықталған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуі барысында күдікті тұлғаның Түркістан облысының тұрғыны екені анықталған. Сол себепті ҚР ҚК 190-бабы бойынша іс қозғалып жатыр. Қазіргі таңда тергеу-тексеру әрекеті жүргізіліп жатыр. Бастысы – қамауда», – деді қалалық полиция басқармасының анықтаушысы Исатай Дәуірхан.

Новости партнеров