|
12.03.2024 | 18:28
3246

Бишімбаев ісі: сот отырысында қатысушылар саны шектелді

Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған

Бишімбаев ісі: сот отырысында қатысушылар саны шектелді Almaty.tv

Әйелін асқан қатыгездікпен өлтірді деген Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тыңдалып жалғасып жатыр. Алқа отырысы Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтуде. Күні кеше экс-шенеунік өзіне тағылған айыптың біреуін де мойындамай, істі қайта прокурордың қарауына жіберуді сұраған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сот залындағы жиын ашық өтетінін хабарлағанымен іс жүзінде олай болмады. Зал тым шағын деп, қатысушылар санын шектеген. Тіпті қос тараптың туыстары да отырысты онлайн көрді.  Журналистерге залға кіруге тыйым салынды.

– Бізге де залға кіруге тыйым салынды. Онлайн тыңдап отырмыз. Заңға қайшы ешқандай әрекет жасамаймыз. Бүгін де сот істі әділ түрде қарамайды, көзім жетті. Қарындасымыздың тағдырын талқан еткен жағдай үшін бәріне барамыз. Алқа билер соты кезінде сотталушыны ақтау жүреді. Біз содан күдіктенеміз. Журналистердің сот отырысында қатыспауы, бүкіл қоғам құқығының тапталуы емес пе? – деді С. Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов.

Бақ өкілдері сот залының алдын торуылдап тұрғанда Қуындық Бишімбаевты қосымша екінші есік арқылы әкелді. Тыңдалым кезінде күдіктінің қорғаушысы сотқа жүгініп, Салтанат Нүкенованың телефонын тексеруді сұрады. Ал кеше адвокаттар айыптау мәнін өзгертуді өтінген болатын.

Айта кетсек, өткен жылы 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған. Дүйім елді дүр сілкіндірген оқиға елордадағы «Бау» мейрамханасында болған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир