Қаңтар оқиғасы: Күдікке ілінген 200-ден астам адам бостандыққа шықты

Almaty.tv
Almaty.tv
Қаңтардағы дүрбелеңде қолданылған 2 мыңнан астам қару табылмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаңтар оқиғасынан кейін тергеуге алынған 200-ден астам күдікті бостандыққа шықты. Тағы 13 сотталушының жазасы жеңілдетіліп, 92 адам нақты мерзім бойынша бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы бас прокуратура өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақпарларынша, жаппай тәртіпсіздік барысында келтірілген шығынның  343 млн теңгеге жуығы өтеліпті. Бүгінге дейін сотқа барлығы 474 қылмыстық іс жолданып, 717 адам істі болған. Одан бөлек, қаңтардағы дүрбелеңде қолданылған 2 мыңнан астам қару әлі табылмады. Бұл ретте айта кету керек, қару-жарақ дүкендерінен 1282 азаматтық қару, 648 табельдік атыс қаруы және сигналды тапаншалар қолды болған.

«Алматы, Талдықорған және Тараз қалаларындағы жаппай тәртіпсіздіктер барысында қызметтік және азаматтық қарулар ұрланғаны баршамызға белгілі. бұл халықтың денсаулығы мен өміріне шынайы қауіп төндірді. бүгінгі таңда 860 қару тәркіленді, оның ішінде 475 табельдік және 379 азаматтық қару бар. Қазір ұрланған қарудың 2089 бірлігі анықталмады», – деді ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев.

Новости партнеров