Бишімбаевтың ісі: сотта жаңа мәліметтер белгілі болды

Almaty.tv
Almaty.tv
Куәгердің айтуынша, Салтанат Нүкенова күйеуінен кетпек болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бүгін түстен кейін Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединадан куәгер ретінде екінші рет жауап алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Марқұмның құрбысы екеуінің арасында жазылған хатты оқып берді. Салтанат Нүкенова оған Бишімбаевтың бір түрлі қылықтары туралы жазыпты.

- Ол үнемі біртүрлі болып жүреді. Менімен сөйлесіп отырып, бірдеңе сұрайды, тыңдамасам ашуланады, айғайлайды. Оған екі күн бойы ұйықтамағанымды, ұйықтағым келетінін түсіндіремін. Ол сосын «маған пысқырғаның бар» дейді. Шынымды айтсам, оған жаным ашиды, - деді куәгер Аида Ахмедина. 

Бұдан бөлек, бүгін сотта Бишімбаев оқиға болған күні ғимараттың есігін сындырған штатив көрсетілді. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, дәретхананың есігін сотталушы 25 рет ұрған екен. Сонымен қатар екінші айыпталушы Байжановтың телефонына Бишімбаев балаларына мүліктерін сыйлайтынын жазған. Оны прокурорлар көрсетті.

- Бар затымды, бар мүлкімді, шоттарымды сыйлаймын. Назымға сыйлаймын. Балаларымды асырасыншы, -делінген.

Оқи отырыңыз:  Бишімбаевтың соты: мемлекеттік айыптаушының өтініші қанағаттандырылды

Новости партнеров