Дипломатиялық қарым-қатынастарды дамыту үшін қытайтану ғылымы керек

elements.envato.com
elements.envato.com
Алматыда отандық шығыстанудың өзекті мәселелері талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда шығыстанушы-академик, тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметханұлымен кездесу өтті. Жиынды Рамазан Сулейменов атындағы Шығыстану институты профессордың мерейтойына орай ұйымдастырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шарада отандық шығыстанудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жас ғалымдарға, докторанттар мен магистранттарға саланың басым бағыттары мен зерттеу тәсілдері таныстырылды.

- Дипломатиялық қарым-қатынастарды жақсы дамыту үшін қытайтану ғылымы керек. Ғылыми түрде біздің дипломатиялық қатынастарымызды ары қарай дамытуымыз қажет. Яғни, бұл сала да маңызды. Сонымен бірге, осы салада жас ғалымдарымыз жетіліп келеді. Қытай тілін жетік меңгерген, мәдениет-тарихын білетін. Тек қана оларға қаржылық тұрғыдан қолдау керек, - деді Тарих ғылымдарының докторы, шығыстанушы Нәбижан Мұқаметханұлы.

Оқи отырыңыз: Сирек қолжазбаларды сандық форматқа ауыстыру қажет

Новости партнеров