Полиция қызметкері нәрестені дәретханадан қалай алып шыққанын айтып берді

пресс-служба ДП Алматы
пресс-служба ДП Алматы
Полиция капитаны Нұржан Шатунов майор шенін алса, лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш лауазымдық айлық көлемінде үстемеақы алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 тамыз күні алматылық полицейлер жаңа туған нәрестені құтқарып қалғанын жазған едік. Жаңа туған нәрестені дәретхана шұңқырынан алып шыққан полиция қызметкері құтқару іс-шарасын қалай жүргізгенін айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін, баланы құтқаруда көрсетілген батылдық, ерлік, ержүректігі үшін Түрксіб аудандық ПБ-на қарасы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Ғазиз Хамасқалиев пен Түрксіб аудандық ПБ-ның кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов марапатталды.

Полиция капитаны Нұржан Шатунов майор шенін алса, лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш лауазымдық айлық көлемінде үстемеақы алды.

«Бір сәтте шешімді тез қабылдау керек болды.  Сендерге көп рахмет.  Лайықты азамат тәрбиелеп өсірген ата-анаңа ерекше алғыс білдір.  Жеке іс қағазыңмен таныстым, кішкентай ұлың өсіп келе жатыр екен.  Сенің жолыңды қуып, батыл, дені сау болсын.  Қызметте бұдан да үлкен жетістіктерге жететініңе сенімдімін.  Сендердің ерліктеріңді атап өту – ішкі істер Министрінің бұйрығы», – деді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.

 Өз кезегінде, лейтенант Хамасқалиев құтқару іс-шарасын егжей-тегжейлі айтып берді.

 «Түнгі сағат үш.  Қараңғы.  Ештеңе көрінбейді.  Шамдар жоқ.  Бала тірі ме, бар ма, білмедік.  Біз мұқият қарадық, бала шұңқырда жатты.  Шамды жарқыратып түсіре бастадық.  Ол біздің дауысымызды естігендей болды және: «мен осындамын, мен тірімін!» дегендей дыбыстар шығара бастады.  Біз аздап абдырап қалдық: бала бізден алыс, оған жақындай алмаймыз.  Дәретхананы бұзу туралы шешім қабылданды, ағаш еден өте тығыз болды.  Бар күш-жігерімізді жұмсап, бұзуға бес минуттай уақыт кетті.  Мен әріптестеріме: «Жігіттер, ең бастысы, мен батып бара жатсам, баланы лақтырамын, сендердің міндеттерің – оны ұстау», дедім.  Баланы абайлап алдым.  Менде көйлек болды.  Сол күні бірдеңе болатынын сезгендей, погондарды жаңасына ауыстырдым.  Біздің басты міндетіміз баланы құтқару болды.  Баланың бөтені болмайды. Министрімізге, полиция Департаментінің басшылығына алғысымды білдіремін.  Адамдардың бізді қалай қолдағанын интернеттен оқыдым.  Бұл шабыттандырады.  Батырлар көрінбейді.  Олар арамызда.  Күн сайын адамдардың өмірін құтқаруда.  Олар дәрігерлер, менің әріптестерім, ТЖМ қызметкерлері, өрт сөндірушілер.  Олар назарда бола бермейді», - деді Ғазиз Хамасқалиев.

Новости партнеров