Алматыда жаңа туған нәрестені құтқарған полиция капитаны майор шенін алды
Polisia.kz
Лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласында жаңа туған нәрестені құтқарған полиция капитаны Нұржан Шатунов Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен майор шенін алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы үшін осы атаққа лайық деп бағаланды. Ал оның жанында болған лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады.
Айта кетейік, Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев бүгін Алматыда дәретханадан жаңа туған нәрестені аман алып шыққан болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37