|
21.10.2021 | 21:17
3851

Нұр-Сұлтанда ер адам балаларының көзінше полицияны тапаншамен қорқытқан

Полицейлер 45 жастағы әйелдің соққыға жығылып, үй ауласында жатқанын көрген

Нұр-Сұлтанда ер адам балаларының көзінше полицияны тапаншамен қорқытқан Almaty.tv

Нұр-Сұлтанда әйелін ұрып-соғып, полицейлерді қарумен қорқытқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша бүгін таңғы сағат 6.00 шамасында тәртіп сақшыларына әкесінің анасын ұрғаны туралы баладан хабарлама келіп түскен.

Полицейлер оқиға орнына жеткен кезде 45 жастағы әйелдің соққыға жығылып, үй ауласында жатқанын көрген. Ал іштегі күйеуі кімде-кім жақындаса, оқ ататынын ескертіп, қарумен қорқытыпты. Сол сәтте пәтерде кәмелетке толмаған 3 бала болған.  

«Ер адам полицияға жеткізілді. Оның әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД ресми өкілі Данияр Оралов.

Айта кету керек, тәртіп сақшылары сондай-ақ, 39 жастағы азаматтың теріс ұңғылы қаруын тәркілеп, аталған іске қатысты тексеріс жұмыстарын бастап кетті.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир