Сүйіктісін өлтіруге оқталған азаматқа қатысты сот отырысы басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Күдікті кінәсін толық мойындамайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісін өлтіруге оқталды деп айыпталған ер адамға қатысты алғашқы сот процесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде іс Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Бұзақылық және бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша жүріп жатыр.  

Айта кетейік, оқиға былтыр қазанда қаладағы сұлулық салондарының бірінде болған. Жетісулық азамат 28 жастағы бойжеткенді соққыға жығып, кеңсе пышағымен тамағын кеспек болған. Қыздың жанайқайын естіген көрші ғимараттағы әйел оқиға орнына бірден жетіпті. Десе де, азамат оған да қол көтерген. Артынша мекемеден шығып кеткен. Оқиға желісі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

– Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі және де 293-бап 3-бөлігі бойынша қорғауымдағы азамат соттан барынша қатаң жаза сұрап жатыр, – деді заңгер Айдын Нұрмұханбет.

Қыздың айтуынша, бұған дейін де ол аталған ер азаматтан таяқ жеп келген. Бұрынғы жігіті оны қорқытып, зорлық-зомбылық көрсетіпті. Процесс барысында жәбірленуші тарап соттан максималды жаза тағайындауды сұрады.

Айта кетейік, күдікті кінәсін толық мойындамайды.

– Аталған іс бойынша бүгін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот отырысы өтті. Жәбірленуші мен куәгерлерден, айыпталушыдан жауап алынды. Келесі сот отырысы 5 сәуірге шегерілді, – деді Жетісу облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы Мәулен Ержанов.

Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың ісі: сот отырысында тың деректер айтылды

Новости партнеров