|
09.08.2023 | 20:11
9960

Басын кесіп, қоқысқа тастаған: қылмыстық іске қатысты сот отырысы басталды

Атышулы оқиға 11 сәуірде Түрксіб ауданында болған

Басын кесіп, қоқысқа тастаған: қылмыстық іске қатысты сот отырысы басталды Almaty.tv

Алматыда әйелдің басын кесіп, қоқысқа тастап кеткен қылмыстық іске қатысты алғашқы сот отырысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атышулы оқиға 11 сәуірде Түрксіб ауданында болған. Бүгінгі алғашқы тыңдалымда прокурор тергеу мәліметтерін жариялады. Оның айтуынша, қылмыстық іске күдікті деп танылған 61 жастағы ер адам Қарағанды облысының тумасы, бұрын сотты болмаған. Құзырлы орган өкілдеріның айтуынша, ол мұндай қылмыстық әрекетке алдын ала дайындалған.

– Күдікті әйелді 11 сәуірде қаладағы Сейфуллин атындағы саябаққа шақырған. Көпшілік орында бір топ адам ішімдік ішкен. Кейіннен достары өз жолымен кеткен. Сол кезде қылмыстық жоспарын іске асырған. Ол пышақ алып, әйелдің мойнын жарақаттап, тамырларына зақым келтірген. Әйел екі минуттың ішінде көз жұмған. Күдікті азамат оның басын кесіп, сөмкеге салып, оқиға орнынан кетіп қалған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыс жасалғаннан кейін келесі күні ол жәбірленушінің басын жұмыс орнына, яғни шұжық сататын дүкенге апаруды ұйғарған, – деді мемлекеттік айыптаушы Мақсат Кеңес.

Ал күдікті прокурордың айтқан мәліметтерімен келіспей отыр. Оның айтуынша, оқиғаның бәрі ойдан шығарылған. Сол себепті қылмыстық істі қарау кезінде алқабилердің де қатысуын талап етті. Сот оның өтінішін қанағаттандырып, алдағы процеске құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн айқындайтын алқабилер шақырылатынын айтты.

– Күдікті азаматқа ҚР Қылмыстық кодекесінің 99-бабы бойынша айып тағылды. Аталған іс Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық түрде қаралатын болады. Күдікті процес кезінде өзінің денсаулығы нашар екенін айтып, емделуге уақыт беруін сұрады. Сол себепті келесі тыңдалым 2023 жылдың 22 тамызында өтеді, – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Мәртпек Кәкімжанов.  

Оқи отырыңыз: Алматы тауларынан ресейлік туристің денесі табылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир