Петропавлда 3 туысын пышақтап кеткен азаматқа қатысты сот үкімі шықты

almaty.tv
almaty.tv
Қаскөйдің қолынан 49 жастағы әйел мен оның 89 жастағы анасы қайтыс болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда 3 туысын пышақтап кеткен Алматы қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Солтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы Ғабдуллин Бекболатты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, сотталған азамат қайтыс болғандардың туыстарына 14 млн 800 мың тг көлемінде моральдық шығын төлеуі тиіс.

Еске сала кетсек, 10 наурызда сағат 15.00 шамасында Алматы қаласының тұрғыны 3 туысын пышақтаған. Қаскөйдің қолынан 49 жастағы әйел мен оның 89 жастағы анасы қайтыс болған. Ал оның 10 жастағы қызы мен келіні үйден қашып үлгерген.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 387-390, 393, 395-398, 401-баптарына сәйкес сот Габдуллин Бекболатты 24-бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тануға үкім шығарды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-баптың 3-бөлігі бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру түрінде және 99-баптың 2-бөлігі 1,2,8-тармақтары бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы негізінде Б.Габдуллинге төтенше қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Сергей Викторенко.

Новости партнеров