Қол астындағы қызметкерге қол көтерген полицей жұмыстан қуылды

стоп-кадр
стоп-кадр
Осыған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның полицей киіміндегі жігітке қол көтерген бейнежазбасы тараған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қол астындағы қызметкерге қол көтерген полицей жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның полицей киіміндегі жігітке қол көтерген бейнежазбасы тараған еді. Полиция департаментінде өткізілген жедел тәртіптік комиссиядан кейін Наурызбай аудандық полиция Басқарма басшысының орынбасары, полиция майоры Жақыпбаев полиция бөлімінің беделін түсіргені және мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі нормаларын бұзатын әрекет жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Одан бөлек, бұл бөлімнің бірқатар басшысы да қызметінен босатылды.

«Қол астындағы қызметкерді ұрған полицей ішкі істер органынан шығарылды. Өзіндік қауіпсіздік Басқармасы бұл фактіні Қылмыстық Кодекстің 362 бабы – билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді», – деді қалалық ПД ресми өкілі Евгений Лысенко.


Новости партнеров