Атырауда миллиондап қаржы жымқырған емхана басшысы сотталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Айыпталушылардың барлығы кінәлі деп танылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда бюджет қаржысын жымқырғаны үшін емхана директоры жеті жылға сотталды. Онымен бірге бас есепші мен шаруашылық басшысына, сондай-ақ кәсіпкерге түрлі мерзімге жаза тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мой город» басылымының жазуынша, Атырау қаласының №2 сотында «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы облыстық сотта мәлім болды.

«Іс материалдарынан белгілі болғандай, емхананың бас дәрігері, бас есепшісі, шаруашылық басшысы және  жергілікті кәсіпкер 2021-2023 жылдар аралығында 231,8 миллион теңгені жымқырған. Олар кәсіпкермен заңсыз келісімшарттар жасаған», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушылардың барлығы кінәлі деп танылды. Олар бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Азаматтық некедегі әйеліне пышақпен шабуыл жасаған зейнеткер сотталды

Новости партнеров