Лисаков қалалық соты 35 жастағы жергілікті тұрғынның әрекетіне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Аlau.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 шілдеде ер адамның пәтерде 8 жастағы балаға жұдырық жұмсап, соққыға жыққаны анықталған.
«Осылайша, сотталушы балаға физикалық және моральдық тұрғыдан қиындық көрсеткен. Прокурор сотталушыға 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 553 800 теңге айыппұл салуды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Жәбірленуші оны заң бойынша жазалауды сұрады», - деп хабарлады облыстық соттан.
Сот жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 553 800 теңге айыппұл салды.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда оқушы сабаққа бармас үшін бомба туралы жалған хабарлама таратқан