|
22.07.2019 | 10:50
6130

Данелия Төлешова қазақ тілінде жаңа ән шығарды

Әнші шығарманың шығуына көмектескен жандарға алғысын білдірді

Қазақстандық әнші Данелия Төлешова қазақ тілінде «Мама» атты жаңа ән орындады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Достар, менің көптен күткен «Мама» атты әнім шықты. Біз ұзақ уақыт жұмыс істедік, бірнеше рет қайта өңдедік, көңілімізден шықпаған жерлерін дұрыстадық. Міне, енді жаңа әніміз дайын болды. Бұл менің анамды қаншалықты жақсы көретінім туралы және жер бетіндегі барлық аналарға арнаған әнім. Өйткені әрбір адамның бір ғана анасы бар және онымен өткізген әрбір сәтті бағалау қажет!», - деп жазды Данэлия.

Сондай-ақ, әнші осы шығарманың шығуына көмектескен жандарға алғысын білдірді. 

«Мен музыка әлемінің шебері, әннің авторы, керемет жан Ұлықпан Жолдасовқа, әннің сөзін жазған Камила Даироваға алғысымды білдіргім келеді. Айтпақшы, Камилла «Eurovision Junior» байқауында мен шырқаған шығарманың авторы, сонымен қатар Ерлан Бекчуринге әнді өндегені үшін рахмет айтамын. Вова Котковқа мың алғыс. Мен үшін ештеңеден аянып қалмайтын Наташаға да ризамын», - деп атап өткен әнші.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир