|
12.10.2019 | 11:48
2710

Әнші Назима ауруханаға түсіп қалды (видео)

Ресейлік Black Star құрамындағы қазақстандық әнші Назима Жәнібекова ауруханаға түсіп қалды. Әншінің айтуынша, ол соңғы кездері аз ұйықтағандықтан денсаулығы сыр берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өнер иесінің өзі Instagram парақшасында хабарлады. Назима сырқаты салдарынан осы демалыс күндеріне Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы өнер көрсетуін бір аптаға шегеруге мәжбүр болған.

"Құрметті достар өзімнің әлеуметтік желілерден жоғалып кетуімнің себебін түсіндіре кетейін. Бүгін мені ауруханаға жатқызды. Сол себептен, ертең және бүрсікүнге жоспарланған өнер көрсетуім шегерілмек. Алматыдағы шара 18-не, Нұр-Сұлтандағы шара 19-на ауыстырылды.

Маған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Біз міндетті түрде кездесетін боламыз. Ал, әзірге маған емделу керек. Қатты шаршадым. Тез жазылуға тырысамын. Енді ұйқым қанатын болды. Мені бес күнге жатқызды. Бұл аралықта кітап оқуға, демалуға уақыт бар" , - деді әнші.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир