|
17.09.2019 | 12:47
14013

Министр әнші Жанар Хамитованың қазасына қатысты түсініктеме берді

Ішкі істер министрлігінің басшысы әншінің өз-өзіне қол жұмсағанын растады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр

Министр әнші Жанар Хамитованың қазасына қатысты түсініктеме берді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Арнау» тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың қазасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Барлығыңызға мәлім, ол жерде өз-өзіне қол жұмсау фактісі болған. Қазір Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - дейді Тұрғымбаев.

«Арнау» тобының экс-әншісі Жанар Хамитова 16 қыркүйекте көз жұмды. Белгілі болғандай, әнші таңғы тоғыздар шамасында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы туған ауылында қаза болған.

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы 1-тармағы (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир