|
23.12.2019 | 12:01
6259

Алматыда Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойы өтті

Аталған кеш Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті

Алматыда Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойы өтті фото из открытых источников

Алматыда КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, академик, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Бибігүл Төлегенованың мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді.

Аталған кеш Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Концертте Халықаралық конкурстардың лауреаты, опера әншісі Елена Заремба, Өзбекстанның Халық әртісі, Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер конкурсының гран-при иегері Рамиз Усманов, Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаттары, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, дирижер – Ерболат Ахмедияров өнер көрсетті.

Қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенованы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир