|
01.12.2019 | 16:52
2697

Нұр-Сұлтанда Елбасының сүйікті әндерінен концерт өтті

Концерт бірнеше сағатқа созылды

Нұр-Сұлтанда Елбасының сүйікті әндерінен концерт өтті Almaty.tv

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!». Нұр-Сұлтандағы Астана опера театрында дәл осындай атаумен мерекелік концерт өтті. Сахна төрінде Елбасының ең сүйікті әндері орындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көрермендерді бүгінгі шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Дина Хамзина, Жанат Шыбықпаев, Галина Чеплакова, Рамзат Балакишиев, аспапшылар Данияр Қадралинов, Елена Сахно, жүргізуші Сәуле Мәулетова өнерімен тәнті ететін болады. Және концертте тек Тұңғыш Президентіміз сүйіп тыңдайтын туындылар орындалды.

Концерт бірнеше сағатқа созылды.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті күнінің құрметіне бүгін Нұр-Сұлтанда тағы бірқатар шара өтеді деп жоспарланған. Мәселен, кешкі сағат 18:00-де Астана балет театрында ұлттық хореография кеші өтпек. Ал кешкі жетіде елордалықтар мен қала қонақтары  "Тұран" ансамблінің ауқымды концертін тамашалайтын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

концерт
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир