Украинаның Харьков қаласында Абайдың ескерткіші орнатылды

посольство Казахстана на Украине
посольство Казахстана на Украине
Ескерткіштің биіктігі 4 метр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Украинаның Харьков қаласында ұлы ақын Абайдың ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ескерткіш «Ойшылдар аллеясында» триптих ретінде орнатылған. Ескерткіштің авторы Украинаның халық суретшісі Сейфутдин Гурбановтың айтуынша бұл еңбектің атауы «Тіршілік ағашы». Триптихте Абаймен бірге Украинаның халық ақыны Григорий Сковород мен әзербайжан ағартушысы, философ Мырза Фатали Ахундов бейнеленген. Ескерткіштің биіктігі 4 метр. Аллея ауданы 2 543 шаршы метр.

Саябақ Харьковтағы табиғаты әдемі танымал демалыс аймағында орналасқан. Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев қала әкімшілігіне жақсы бастамасы үшін алғыс айтты. Ол триптих бауырлас елдер арасындағы рухани байланысын тереңдете түсетінін, олардың мәдениеті мен өнерінің кеңінен танылуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ескерткішті орнату жөнінде бастамашының бірі Қазақстанның Харьковтағы Құрметті консулы Эмин Наджафлидің еңбегі айрықша атап өтті. 

«Біз бұл ескерткішті украиналық бауырластардың қазақ халқына, Қазақстанның тарихы мен руханиятына шексіз құрмет деп қабылдаймыз»,– деді Елші.

Айта кетерлігі, Қазақстан пен Украина арасындағы экономика және мәдени байланыс жаңа деңгейге көтеріліп, ерекше қарқын ала түскен. Қазақстан Елшісі Д.Кәлетаев, Қазақстанның Құрметті консулы Эмин Наджафли, ескерткіш авторы Сейфутдин Гурбанов ТҮРІКСОЙ түркітілдес елдердің мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйымының «Абай» медалімен марапатталды.


Новости партнеров