Қазір Люксембургте қазақстандық киноның көрсетілімі өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Люксембургтің «Кинеполис Кирхберг» кинотеатрында 19-21 ақпан аралығында режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі көрсетіліп жатыр.
Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндайды. Бозбала Кермек түрмеден шыққаннан кейін туған қаласына оралады. Ол онда бәрі қатты өзгергенін көреді, қаланы өзінің қатал ережелерін орнатқан қылмыстық топ басқарады. Оның сүйікті қызы Ева осы адамдардың қысымымен мүлдем жоғалып, адасып кетеді, ал Кермек өзі қылмысқа белшесінен батқан... «Кинотеатр өкілі бізді құттықтады. Көрсетілім жергілікті көрермендердің қызығушылығын оятты. Барлық билеттер сатылды. Келгендердің барлығына рахмет және көрсетілімнен кейін фильм туралы әсерін бөліскен жанарға алғысымызды айтамыз», – дейді Қазақстан – Люксембург достық ұйымының белсендісі Нұргүл Тұрсын.