|
18.06.2021 | 12:32
1035

Қазақстандық домбырашылар Bridge TV жүлдесін жеңіп алды

Бүгінде музыканттар Түркия, Израиль мен Еуропа қалаларында өнер көрсетіп үлгерген

Қазақстандық домбырашылар Bridge TV жүлдесін жеңіп алды Сурет жеке мұрағаттан алынды

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Bridge TV телеарнасының жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Музыканттар «Аспапта ойнайтын үздік дуэт» номинациясын жеңіп алған. Домбырашылар Түркияда пандемия басталғанға дейін гала-концертте өнер көрсеткен. Енді ұйымдастырушылар шара нәтижесін ресми түрде жариялап, қазақстандықтарға жүлдені жіберді.

«Бізді шілдеде Түркияда жеке концерт беруге шақырды», − деді Темірлан Олжабай.

Bridge MEDIA компаниялар тобы 2005 жылы құрылған. Ол Ресей мен ТМД елдеріндегі танымал музыкалық телеарналар өндірушісі саналады. Холдингке 5 музыкалық телеарна және 12 онлайн-радиостанция кіреді.

Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүргенде танысқан. Ұжым 2017 жылы құрылған. Айта кетейік, сол кезде олар Димаш Құдайбергенмен бірге I'm a Singer байқауына Қытайға барған еді. Бүгінде музыканттар Түркия, Израиль мен Еуропа қалаларында өнер көрсетіп үлгерген.

Бұған дейін домбырашылар Халықаралық Golden Time Talent фестивалінде бірінші орынға ие болған еді. Музыканттар Вивальдидің «Жыл мезгілдері» («Жаз») топтамасынан туындыны өздері өңдеп, ойнап берген. Видеоны ұлыбританиялық команда түсірген.

Сондай-ақ, жақында ғана мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиода өтетін Олимпиадаға домбырашыларды Қазақстанның амбассадоры етіп тағайындаған еді.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир