Оралда құны 1 млрд теңгеге жуық темекі өнімдері жойылды

ҚМА баспасөз қызметі
ҚМА баспасөз қызметі
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп Орал қаласында сәйкестендіру құралдарынсыз құны 967 млн теңгеден асатын 1,6 млн қорап темекі партиясын жойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарлауынша, бұған дейін департамент сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, екі өлшемді матрицалық штрихкодсыз темекі өнімдерін сататын адамдар тобы анықталған болатын.

«Соттың шығарған үкімі негізінде адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал тәркіленген темекі жойылуға тиіс болды», - деді агенттік өкілдері.

Сондай-ақ басқа іс бойынша сот бұған дейін ҚМА БҚО бойынша департаментінің заттай дәлелдемелерді, атап айтқанда, тиісті құжаттарсыз заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау нәтижесінде тәркіленген DataMatrix бар темекілерді өткізу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы қаулы шығарған болатын.

«Осы сатылымнан түскен 84 млн теңге сомасындағы қаражат сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылды», - делінген ҚМА хабарламасында.

Новости партнеров