|
20.03.2024 | 14:26
1956

Маңғыстау облысынан ЮНЕСКО тізіміне 6 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілуі мүмкін

Мұралар туралы мәлімет жинақталып жатыр

Маңғыстау облысынан ЮНЕСКО тізіміне 6 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілуі мүмкін Almaty.tv

Маңғыстау облысынан ЮНЕСКО тізіміне 6 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілуі мүмкін. Олар – «Шопан ата», «Шақпақ ата», «Қараман ата» мен «Сұлтан үпі» және Оғландыдағы «Бекет ата» жерасты мешіті. Археологиялық «Қызыл қала» қалашығы да осы тізімде енген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұралар туралы мәлімет жинақталып жатыр, бар ақпар ЮНЕСКО-ның зерттеу орталығына тапсырылады. Басты талап – әрбір ескерткіш ескі қалпында сақтау. Бұл тұста біздегі тарихи мұраларға нұқсан келгенін айта кетейік. Сол себепті ескерткіштердің көбіне жаңа құрылыс қосылған.    

– «Ата-бабам осында жатыр» деп зәулім ескерткіштер көтеріп, күмбез там  тұрғызып, заңсыз құрылыс жүргізілген. Маңғыстаудаға ашық аспан астындағы мұражайда тас дәуірінен бастап, түрлі сәулет пішінді ескерткіштер шоғырланған. Соның бұрынғы ескі қалпын сақтап, қорғау үшін жұмыстар жасалып жатыр, – деді Нұрлан Құлбай.

Мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтың директорының айтуынша, арнайы ұйымдастырылған экспедиция аясында жерасты мешіттерінің жағдайы тексеріледі. Бұл жұмысқа бас-аяғы 2 жыл кетуі мүмкін. Маңғыстаудағы 590 ескерткіш - мемлекет қорғауына алынған. Соның жиырмасы республикалық маңыздағы тарихи-мәдени орын.

– ЮНЕСКО тізіміне енсе, біріншіден туризмнің әлеуеті көтеріледі. Маңғыстауға келушілер көбейеді, демек экономика дамиды. Ол жерде әртүрлі инфрақұрылым салынады, – деді Нұрлан Құлбай.

Оқи отырыңыз: Гүл сыйлап, әуенмен тербеді: Almaty.tv телеарнасы қазақстандықтарды құттықтады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир