«Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші қызға үйленді (видео)

«Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші қызға үйленді (видео)
Халық әртісінің үйлену тойы кеше Алматыда өткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Махаббат жасқа қарамайды». 82 жасар Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 37 жасар журналист Жадыра Сейдешпен отау құрды. «Жас жұбайларға» 45 жыл жас айырмашылығы кедергі болмаса керек, деп хабарлайды.

Дүбірлі той 26 тамыз күні Алматы мейрамханаларының бірінде өткен. Тойдың құрметті қонағының бірі - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Өтекешова да болыпты. Қалыңдық сүйіктісіне деген жалындаған сезімін білдіріп, ақжарма тілектерін де аямады.

Айта кетейік, әртістің өмірлік серігі Жадыра Сейдеш – еліміздің әйгілі тұлғалары жөнінде сыр шертетін «Жүрекжарды» бағдарламасының авторы. Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы Талдықорған облысы, Доланалы ауылында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның солисі болып қызмет атқарған. Нұрғали Нүсіпжановтың бірінші некесінен бес қызы бар. Халық әртісі қазіргі таңда немере де тәрбиелеп отыр.


Новости партнеров