«Бай қуатты болайық»: Алматыда белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған көрме өтті
Almaty.tv
Көрмеге журналистің эфирге киген киімдері, жеке қолжазбалары және мемлекеттік наградалары қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған «Бай қуатты болайық!» атты көшпелі көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Негізгі мақсат – телевизия ақтаңгерінің шығармашылығы мен өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету. Көрмеге журналистің эфирге киген киімдері, жеке қолжазбалары және мемлекеттік наградалары қойылды. Шараға белгілі қоғам қайраткерлері қатысып, естелік әңгімелер айтты.
«Қазақта сөз бар, әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін дейді. Осы ағамызбен қоян-қолтық араласып, бірге жұмыс істеген әріптестері, замандастары, халқы бар да бұл кісінің есімі ел есінде мәңгі қаларына сенеміз», – деді Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Әлиев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33