Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 11 орынға көтерілді

фото: tg / KFF team
фото: tg / KFF team
Қазақстан құрамасы маусым айындағы төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, бір тең матч өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастығының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте он бір сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚФФ ақпараты бойынша жаңа рейтинг 2022 жылдың 23 маусымында шықты. Ұлттық құрама жаңартылған рейтингте 114-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы маусым айындағы төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, бір тең матч өткізді:

• Словакия - Қазақстан (0:1)

• Қазақстан - Әзербайжан (2:0)

• Беларусь - Қазақстан (1:1)

• Қазақстан - Словакия (2:1)


ФИФА рейтингі. 23 маусым 2022 жыл:

1. Бразилия – 1838 ұпай

2. Бельгия – 1822

3. Аргентина – 1771

4. Франция – 1765

5. Англия – 1737

6. Испания – 1717

7. Италия – 1714

8. Нидерланд – 1680

9. Португалия – 1679

10. Дания – 1665

51. Словакия – 1440

96. Беларусь – 1227

113. Сьерра-Леоне – 1168

114. Қазақстан – 1166

115. Гвинея-Бисау – 1165

128. Әзербайжан – 1127

211. Сан-Марино – 764

Новости партнеров