|
11.08.2021 | 15:18
1127

Қазақстандық қыз АҚШ-тағы Miss World International байқауында жеңімпаз атанды

Бойжеткен байқауды ұйымдастыру өте жоғары деңгейде болғанын айтты

Қазақстандық қыз АҚШ-тағы Miss World International байқауында жеңімпаз атанды

Дина Әмір әлемдегі ең ірі халықаралық байқаулардың бірі – Miss World International байқауында Miss World Universe номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сұлулық байқауы 8-11 тамыз аралығында Майамиде (АҚШ) өткен. Бойжеткен бұл ұмытылмас тәжірибе болғанын айтты. Ол бүкіл әлемнен жаңа достар тапқан. «Украина мен Нигериядан келген байқау қатысушыларымен жақсы араласып кеттім», – дейді қазақстандық қыз.

«Маған өте қызықты болды. Себебі мен мұдай байқауға бірінші рет қатыстым. Танымал, көрікті, ақылды қатысушылармен танысу өте керемет», – деп бөлісті Дина.

Қазақстандық қызды қолдау үшін байқауға сыныптастары мен оның стилисі барған. Бойжеткен байқауды ұйымдастыру өте жоғары деңгейде екенін, қызықты әрі мазмұнды бағдарлама болғанын айтты.

Дина Әмір Қазақстанда IT-компанияларда соңғы 7 жыл маркетолог болып жұмыс істеген. Қазір акциялар мен қор нарығына инвестиция салумен айналысады. Ол бір жарым жыл бұрын АҚШ-қа көшіп, штаттарда магистратураға түсуге дайындалып жатыр. Дина конкурс туралы Instagram-нан көріп, кейін өтінім берген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир