|
24.03.2022 | 16:18
1055

Алматыда «Қазақтың үні – Жас Алаш» атты кітаптың тұсаукесері өтті

Айтулы шараға зиялы қауым өкілдерімен қатар журналистер, газет оқырмандары қатысты

Алматыда «Қазақтың үні – Жас Алаш» атты кітаптың тұсаукесері өтті Almaty.tv

Алматыдағы Ұлттық кітапханада республикалық «Жас Алаш» газетінің 100 жылдығына орай «Қазақтың үні  Жас Алаш» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Оған баспаның алтын ғасыры саналатын 1970 жылдардағы журналистердің еңбектері енген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

Айтулы шараға зиялы қауым өкілдерімен қатар журналистер, газет оқырмандары қатысып, аталмыш туындыны өскелең ұрпаққа берері мол деді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов мерейтойға арнайы келіп, алғы сөз алды.

«Ал қайраткер ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы, газет қызметі халыққа бас, көз һәм құлақ болып, ұлтын жаманшылықтан сақтауы екенін айтқаны бәрімізге мәлім. «Жас Алаш» осы ұстанымды биік ұстап, өз оқырмандарын, саралы-сапалы мақалаларымен қуантып отырғаны мәлім», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов.

37 баспа табақтан, 6 бөлімнен тұратын бір томдық кітап 592 беттен тұрады. «Қазақтың үні – Жас Алаш» жинағында тарихи жазбалар қайта жаңғырып, суреттеріне дейін өңделген. Ал «Аймақ ажарын айшықтаған», «Жас Алаш»: Бүгін» сынды бөлімдерінде, оның шығу тарихынан бастап әр жылдары жарық көрген мақалалар мен басылымда қызмет еткен тілшілердің естеліктері топтастырылған.  

«Бүгінгі өтіп жатқан шара – «Жас Алаштың» бір ғасырлық мерейтойының қортындылану салтанатты жиыны. «Жас Алаштың» сан жылғы тарихынан сыр шертетін «Қазақтың үні – «Жас Алаш» деп аталатын кітаптың тұсаукесері. Осы кітапта негізгі басымдылықты 1970- 80 жылдарға жасадық. Өйткені бұдан кейінгі тарихты бүдан кейінгі ұрпақ жазады деген ниеттеміз», - деді «Жас Алаш» кітабының құрастырушы редакторы Арай Сахариева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир