«Тақиялы періштенің» жалғасы көрерменге жол тартпақ

«Тақиялы періштенің» жалғасы көрерменге жол тартпақ
Ғасыр туындысының жалғасы ретінде жаңа фильм көрерменге жол тартты. Жаңадан тұсауы кесілген «Тайлақтың тақиясы» көркем фильмі 31 қаңтардан бастап кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Тақиялы періштенің» жалғасы ретінде түсірілген фильмде басты рөлдердің бірін осы жолы да Әлімғазы Райымбектің өзі ойнаған. Тек бұл жолы ақсақал өзіне емес, немересіне қалыңдық іздеп сарылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көптің көңілінен шыққан  «Тақиялы періште» кинотуындысы осыдан елу жыл бұрын жарыққа шығыпты. Ал ондағы басты рөлді сомдаған Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты, біртуар актриса  Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. Комедиялық жанрда түсірілген «Тақиялы періштенің» режиссері Шәкен Айманов болса, «Тайлақтың тақиясына» қырғызстандық Найзабек Сыдықов жетекшілік етіпті.  

«Әлімғазы ақсақалымыз ғасырда бір туатын туынды ғой. Кешегі дүрілдеткен «Тақиялы періштенің» бүгінгі таңда көзі тірісі осы кісі. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты Елбасы мақалаларына сәйкес, ұлттық тақиямызды дәріптеу мақсатында да аталмыш фильмнің үлкен рөл атқаратыны анық. Тақиямызды жастарға ұялмай, мақтанып киіп жүретіндей етіп үлгі ете алсақ деген ой да бар», – деді «Тайлақтың тақиясы» фильмінің продюсері Құсман ШАЛАБАЕВ.

Продюсердің айтуынша, фильм 2015 жылы түсіріле бастаған. Үш тілде жарыққа шыққан туынды түрлі себептерден соң биыл ғана көрерменге жол тартқан. Фильмнің негізгі түсірілімі Алматы облысы Жамбыл ауданынының  Қызыләскер ауылда болған.

Новости партнеров