|
30.11.2021 | 17:17
823

Алматыда актер Таңат Жайлыбековтің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Ескерткіш біртуар азаматтың өзі тұрған үйінің қабырғасына ілінді

Алматыда актер Таңат Жайлыбековтің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды Almaty.tv

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері Таңат Жайлыбековтің құрметіне Алматыда мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ескерткіш біртуар азаматтың өзі тұрған үйінің қабырғасына ілінді. Көрнекті театр және кино актері Таңат Жайлыбеков – ұлттық өнер саңлақтарының бірі, сахна мен экранда небір күрделі бейнелер жасаған, ұлттық мәдениетке, сонымен қатар дубляж саласына да ерен еңбек сіңірген өнер иесі. Шараға келген қонақтар талантты актердің қай рөлді де өзіндік өрнегімен, жетер шыңына жеткізе орындап шығатынын еске алды.   

«Таңат аға кинода да көптеген рөл ойнайды. Тіпті эпизодтық рөлдерінің өзі көңілде қалады. Мысалы, «Наш милый докторды» қарасаңыз, сонда шаштаразды ойнайды. Сол кішкентай эпизодтың өзі көрермен көңілінде қалды», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері Әубәкір Рахимов.

«Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Бұл күнді ұзақ күттік. Әкеміз 15 жасынан бастап театр саласында 45 жыл жұмыс істеген актер. Әкемізді ел комедия актері ретінде таниды. Сондықтан осы ескерткіш тақтаға қарап, көрермендері күлімдеп есіне алса деймін», – деді Т. Жайлыбековтың қызы Алима Болғожина.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир