|
06.10.2020 | 16:12
4116

Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқиса» фестивалі өз мәресіне жетті

29 қыркүйектен басталған республикалық байқауда домбырашылар мен әншілер сазгердің шығармаларын орындады

Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқиса» фестивалі өз мәресіне жетті Аlmaty.tv

Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқиса» фестивалі аяқталды. 29 қыркүйектен басталған республикалық байқауда домбырашылар мен әншілер сазгердің шығармаларын орындады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен фестивальдің жабылу салтанатында Нұрғиса Тілендиев өзі құрған «Отырар сазы» оркестрі ең танымал композицияларды ойнап берді.

Айта кетейік, фестиваль аясындағы барлық іс-шаралар онлайн-форматта ұйымдастырылыпты. Ал, 4 қазанда жеңімпаздардың қатысуымен өткен гала-концертті көрермендер Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның You Tube арнасынан тамашалай алады.

«Біз бұл фестивальге ұзақ уақыт дайындалдық. Бастапқыда Республика сарайында, Опералық театрде өткіземіз деп ойлағанбыз. Бірақ пандемияға байланысты онлайн-форматта өткізіп жатырмыз. Сондай-ақ, вокал мен домбыра номинациялары бойынша байқау ұйымдастырдық. Ал, концерттік бағдарламада әкемнің халыққа кеңінен танымал емес туындыларын көбірек орындауға тырыстық. Әрине, танымал туындылары да орындалды», – деді  «Отырар сазы» оркестрінің бас дирижері Дінзухра Тілендиева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир