«Өнер сананы өзгертеді». Осындай атаумен Қастеев атындағы өнер музейінде суретші Армат Бектастың жылжымалы көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көрмеге абстракция және реализм жанрында 44 кескіндемелік жұмыс қойылған. Мақсаты – кешегі Бұқар Жырау, Мөңке билердің мұрасын бүгінгі ұрпаққа аманат етіп тапсыру. Ол бейнелеу өнері арқылы қоғамның, мәдениеттің қарым-қатынасын және ұлттық идеяның қалыптасуын жаңаша түсіндіруімен танымал. Көшпелі көрме Қазақстанның бес қаласында көрсетілмек.
«Көрменің негізі мақсаты – өнер арқылы Бұқар Жырау,Ақтанберді, Шалкиіз, Мөңке билерден қалған мұраны насихаттау. Қазақ даласына біздің аталарымыздан қалған мұраны өнер арқылы таратуға бел будық», – деді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Армат Бектас.
«Армат ағаның 6 жастан бастап 60 жасқа дейін шәкірті бар. Ұстаз ретінде адамның, әр шәкірт бойындағы талантын таба біледі», – деді А. Бектастың шәкірті Анар Әбдірахманова.