|
28.12.2023 | 18:45
486

Тұңғыш киномеханик: Рәпия Халықованың құрметіне мұражай ашылды

Мәдениет қайраткері бұл салада 36 жыл еңбек еткен

Тұңғыш киномеханик: Рәпия Халықованың құрметіне мұражай ашылды Almaty.tv

Қазақтан шыққан тұңғыш киномеханик қыз Рәпия Халықованың құрметіне мұражай ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ашаршылықта дүниеге келіп, сұрапыл соғыс жылдарында өмірге қадам басқан мәдениет қайраткері бұл салада 36 жыл еңбек еткен. Сол қызметі үшін КСРО кинематографиясының үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атанды. Оның құрметіне ашылған мұражайдың ресми салтанатында Рәпия Халықова туралы деректі фильм дайындалды. Іс-шараны көпке ұсынған ұйымдастырушылар ауылынан ардақты тұлғаның шыққанын құрмет тұтады.

– Жастарға рухани-мәдени қазына беретін үлкен мұра. Рәпия апамыздың атындағы мұражай – қазақ киносынан мағлұмат беретін құнды нысан, – деді Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбаева.

– Бұл іс-шараның идеология, тәрбие саласында мәні зор. Болашақта Кенен ауылында емес, ауданның бар аймағында өткізуді жоспарлап отырмын, – деді Қордай ауданы Ақсақалдар алқасының төрағасы Біржан Әлімбетов.

Оқи отырыңыз: Assyltas: Алматыда тағы бір театр шымылдығын ашты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир