|
19.05.2023 | 21:29
5280

А. Ахметбекұлы: Ашықтық – Қазақстанның негізгі құндылықтарының бірі

Келер жылы Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 90 жыл толады

А. Ахметбекұлы: Ашықтық – Қазақстанның негізгі құндылықтарының бірі Almaty.tv

Осыдан бір жыл бұрын қабылданған референдум ел сенімін күшейтті. Бұл – еліміздегі саяси өзгерістерге қатысты қоғам зиялылары мен ақын жазушыларының пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елде ашықтық пен демократия қалыптасып келеді деген ақын Алмас Ахметбекұлы оның Қазақстанның негізгі құндылықтарының бірі екенін атап өтті.

– Референдумнан кейінгі бір жылдың ішінде саяси ілгерілеу бар. Саяси ілгерілеу бір күннің ішінде болмайды. Себебі халықтың өзінің демократиялық ашықтыққа, жемқорлықсыз қоғамға бейімделуі керек. Қоғамды бақылауға бейімделуі керек, – деді ақын Алмас Ахметбекұлы.

Ал келер жылы еліміздегі ең ірі және алғашқы құрылған қоғамдық ұйым Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 90 жыл толады. Қаламгерлер әдебиет өмірінде болған игі дәстүрлер жаңаша қарқын алуы керек екенін айтты.

– Жазушылар одағын жаңарту және жаңғырту жөнінде бірнеше ұсыныс айтылды. Соның бәрі жүзеге асады деп ойлаймыз. Соның бірі – Жазушылар одағының қоғам алдындағы беделін көтеру. Яғни, оның бұрынғы асқақ та, тәкаппар бейнесін қайта алып келу. Әдебиет – авангард жанр. Әдебиет алдыңғы орында тұрса, қоғам да өзгереді, қоғамның рухани бет-бейнесі де өзгереді, – деді ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ерлан Жүніс.

– Жазушылар одағының қоғамдағы деңгейі оны басқарған басшыларға байланысты болады. Басшылар әділетті болса, шынайы, шығарманы бағалап, халықаралық деңгейге көтерсе, автордың жолын ашса, ұлт әдебиетініне қосқан үлкен үлес болар еді, – деді ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир