|
25.12.2019 | 20:14
4592

Алматыда мемориалдық тақталарды орнату туралы құжаттарды қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Күн тәртібіне енгізілген 13 ұсыныстың 7-еуі бірауыздан қолдау тапты

Алматыда мемориалдық тақталарды орнату туралы құжаттарды қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті

2019 жылғы 25 желтоқсанда  Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалық етуімен Алматы қаласында мемориалдық тақталарды орнату туралы құжаттарды қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Комиссия отырысына Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмаш, Алматы қаласы әкімінің аппараты тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы Мамай Ахет,  «Алматыбасжоспар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі институтының кеңесшісі Жанат Айтілеу, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев, мүсінші Нұрлан Далбай, ҚР Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстембеков және т.б. комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібіне енгізілген 13 ұсыныстың 7-еуі бірауыздан қолдау тапты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир