|
14.08.2024 | 20:26
62

Жағландағы мұражай: Қызылорда облысында 73 жастағы әже ғылыми еңбегін қорғады

Кейуана 2000-ға жуық жәдігер жинаған

Жағландағы мұражай: Қызылорда облысында 73 жастағы әже ғылыми еңбегін қорғады Almaty.tv

Қызылорда облысында саналы ғұмырын мұражай ісіне сарп еткен еңбек адамы тұрады. Жасы 70-тен асса да, құнды жәдігер жинауын тоқтатпаған ол тарихы талай дәуірді қамтитын эксклюзивті экспонаттарды да тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күләш Алматшаева 1972 жылдан бастап мұражайға жетекшілік етеді. Мұнда аймақтың салт-дәстүрі, білім-ғылымы, өнеріне қатысты 2000-ға жуық жәдігер бар. 21 жасынан бастап жеке қаржысына жәдігерлер жинап, мұражай қорын күшейткен ол аядай бөлменің ішін толтыруға жарты ғасыр уақыт жұмсаған. Ізденімпаз жан әлі де тарихтың талай тәбәрігін мұражайға меншіктеуді мақсат етіп отыр.

– 1972 жылы ықшамауданда 8 жылдық орыс-қазақ мектеп ашылды. Институтты бітіріп келіп, ең жас мұғалім болдым. Оқушыларға, ұстаздарға еңбегімнің нәтижесін көрсетіп жатырмын. «Туған өлкем – тұнған шежірем» тақырыбында жұмыс істеймін, – деді мұражай меңгерушісі Күләш Алматшаева.  

Музейдегі ең көне экспонат – бірнеше ғасыр бұрын табылған жайнамаз. Оны Түркістан облысынан арнайы алып келген. Мұнда көне заманда тұтынған арба да бар. Оны қазақ халқы ерте заманда күнделікті шаруашылықта пайдаланған көрінеді. 200 жылға жуық тарихы бар арба Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты Ақтоған елдімекенінен табылған. Күләш әжей 73 жасында «Жағландағы мұражай» атты ғылыми еңбегін қорғаған.

– Сатылап өткеннен кейін, тиімді. «Жағландағы мұражай» үлкен ғалымдардың қызығушылығын танытты. Ұстаздар керемет пікір білдірді. Музей ашу ісін облыстық мұражай,а тіркелдім. Ол кезде жәдігерлерім аз болатын. Жылда қосылған жәдігерлерді тіркеймін, – деді мұражай меңгерушісі Күләш Алматшаева.  

Бұл жерден кез келген тақырыпқа қажетті экспонатты табуға болады. Маңайдағылар Күләш Алматшаеваны «Музей апа»деп атап кеткен. Мәдениет маманының мақсаты – мұражай көлемін кеңейтіп, тамашалай келгендерге қолайлы жағдай жасау.

Асқар Сәрсенұлы, «Алматы» телеарнасы, Қызылорда облысы

Оқи отырыңыз: Нан жоқ: жолдың азабын тартқан кәсіпкер тауарын жеткізе алмай отыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир