|
08.08.2023 | 10:46
8381

Қарағандыда жаппай ауруханаға түскен балалардың неден уланғаны белгілі болды

Осы оқиға бойынша республикалық және облыстық деңгейдегі мамандардың кеңейтілген консилиумдары күн сайын ұйымдастырылып жатыр

Қарағандыда жаппай ауруханаға түскен балалардың неден уланғаны белгілі болды ашық дереккөзден

Балалар тамақтан ұшынбаған. Олар генезисі белгісіз заттан қатты улануы мүмкін. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Қарағандыда жаппай уланған балалардың алтауы қазір реанимация бөлімінде жатыр. 2 жеткіншектің халі тым ауыр. Ал жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылған 7 баламен Ажар Ғиният жеке тілдесіпті. Қазір дәрігерлер олардың нақты неден уланғанын анықтап жатыр. Сынамалар алынып, арнайы тексеру орталығына жіберілген. Ал Премьер-министр Әлихан Смайылов зардап шеккендерді дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етіп, ауруханадан шыққаннан кейін де олардың жағдайын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

– Сот-медициналық сараптама қызметінде көптеген химиялық, токсикологиялық заттарға сараптама жасалатын болғандықтан, барлық баланың анализдері сол жерге жіберілді. Бір айдың ішінде қорытындысы шығады, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 1 апта бұрын Қарағанды облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай уланғаны туралы ақпарат тараған еді. 30 шілдеде екі жеткіншек өзін нашар сезінген, құсып, іші өткен. Дәл осындай белгілермен 31шілдеде мекеменің тағы 10 баласы ауруханаға жатқызылған. Олардың біреуі көз жұмды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир