Алматылық дәрігерлер жасөспірімдерді электрондық темекі тұтынудан бас тартуға шақырды

azattyq-ruhy.kz
azattyq-ruhy.kz
Жалпы білім беру мекемеcінің оқушылары мен студенттер арасында аталмыш тақырып бойынша семинар өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы емханаларының медицина қызметкері темекі бұйымдарының, сондай-ақ, вейп (электрондық темекі) және кальянды тұтынудың алдын алу мақсатында, жалпы білім беру мекемеcінің оқушылары мен студенттер арасында аталмыш тақырып бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында қатысушыларға электрондық темекінің адам организміне әсері туралы айтылды.

«Электрондық темекі, немесе вейп, электрондық тасымалдағыш түрінде, мундштук, батарея және қыздырушы бөлшектен, арнайы толтырғыш – сұйықтықтан тұратын атомайзерден құралған. Сұйықтық хош иістендіргіш қосындылардан және никотиннен тұрады, жеке түрде – каннабиноид құрамына кіретін, тетрагидроканнабинолдан жасалған. Бұл қондырғылар глицерин және пропиленгликоль негізіндегі сұйықтықты қыздырады, содан темекінің түтіні емес бу пайда болады. Бұл заттар өкпенің ішіне тұнып тұрып, фиброзға әкеледі. Оны неғұрлым көп тартса, соғұрлым ол тыныс алу жолына кері әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, «өкпе дағы» туындайды»,  дейді С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедрасының доценті, Алматы қаласы №36 қалалық емхананың пульмонолог-дәрігері Даме Сайланова.

Маманның айтуынша, электрондық темекі қарапайым темекіден анағұрлым зиян әрі қауіпті, себебі мұнда никотин буланып, ауыз қуысының шырышты қабатын күйдіреді, бұл онкологиялық ауруларға әкеледі, тыныс алу жүйесін зақымдайды, бас миы тамырларының атеросклерозына апарады, себебі, оны тартқан кезде никотин қанға өте жылдам енеді. Содан барып, бүйрек безімен адреналин шығып, артериалдық қан қысымы жоғарылап, жүрек ырғағы қысқарады. Бұл жүрекке қатты жүктеме түсіріп, соның салдарынан жүрек-қантамыр аурушаңдығы дами түседі. Адам ұйқысы нашарлап, тез ашуланады және назар аудару қабілеті төмен түседі.

Психикалық денсаулық орталығының психологы Елена Манжикова электрондық темекіні неғұрлым жастайынан тұтына бастаса, соғұрлым оны тәуелділіктен құтқару ауырға түсетінін атап өтті.

«Егер жасөспірім электрондық темекіні, мәселен, 13 жаста тарта бастаса және оны 5 жылдан аса тартса, кейін оны тастау өте қиын. Мұнда психотерапияны, аккупунтуралық терапияны, тіпті гипнозды қолдануға тура келеді. Ең алдымен, пациенттің өз қалауы болуы керек және баламен бірге оның ата-анасымен жұмыс істейтін нарколог-психиатр дәрігерге уақытында жүгіну қажет. Емдеу барысында ата-аналары өз балаларын қолдап, сол тәуелділіктен арылуына көмектесу керек. Себебі, бұл жағдайдың орын алуына балаларына дұрыс қарамаған ата-аналар да кінәлі. Балаға сондай-ақ, жүрген ортасы әсер етуі мүмкін», – дейді Елена Манжикова.

Сондай ақ, егер балалар осындай жаман әдетін тастай алмайтын жағдайға тап болса, онда Мақатаев көшесі, 10 мекенжайында орналасқан Психикалық денсаулық орталығы жанындағы емханаға баруды ұсынатынын айтты.

ұнда Орталық мамандары Сізге уақытында және тегін түрде консультативтік, медициналық, психологиялық көмек көрсетеді. Көптеген адамдар осындай жағдайға тап болғанда, баланы мұндай машықпен есепке алмас үшін, білікті медициналық көмектен бас тартады. Мұнда айтарымыз  мамандандырылған көмек құпия түрде көрсетіліп, никотинді тастай алмай жүрген пациенттер диспансерлік есепке алынбайды. Сондай-ақ, сіз 8 -701-733-33-59 номірі бойынша сенім телефонына (тәулік бойы) қоңырау шала аласыз немесе cpzalmaty.kz сілтемесі арқылы Психикалық денсаулық орталығының сайтына жаза аласыз", – деді маман.

Новости партнеров