2019 жылы Қазақстанда 17 мыңға жуық адам екпеден бас тартқан

2019 жылы Қазақстанда 17 мыңға жуық адам екпеден бас тартқан
Егер халықтың 5 пайызы екпеден бас тартса, эпидемиялогиялық вирустың таралуы 4000 пайызға дейін өсуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Олардың 60 пайызы -  1 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары. Бұл көрсеткіш жыл санап артып келеді. Мәселен, 2016 жылғы дерек бойынша, 12 мыңнан астам адам екпе жасатуға қарсы болған. Бұл туралы Алматыда екпе мәселесін көтерген медицина мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың сөзінше, бас тартқандардың көпшілігі дін жолындағы адамдар екен. Сондай-ақ, халық арасында әлеуметтік желі арқылы теріс ақпараттың тарауы кесірінен екпеден үзілді-кесілді бас тартушылардың саны артып келеді, дейді жиынға қатысушылар.

«Адамның бас тартуғақұқығы бар. Бірақ екпе жасатпаған адамдар өздерінің қоғамға қауіп төндіретінін түсінсе екен. АҚШ-та жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша, егер халықтың 5 пайызы екпеден бас тартса, кез-келген эпидемиялогиялық вирустың таралуы 40 пайыздан 4 мың пайызға дейін өсуі мүмкін. Қауіп деңгейін осыдан-ақ аңғаруға болады», - деді Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының профессоры Борис КАРАЛЬНИК.

Сондай-ақ, жиында Қазақстанның қызылшаға шалдыққан елдер қатарында 10- орында тұрғаны белгілі болды. Яғни, елімізде өткен жылы аталған аурумен ауырғандар саны 16 мыңнан асқан. Оның ішінде қайтыс болған 31 адамның 29-ы жас балалар.

«Алматыда балалар жұқпалы аурулар ауруханасына 2019 жылы қылызша жұқтырған 616 бала келіп түсті. Бір айтарлығы, оның 70 пайыздан астамы екпе алмағандар. Бірақ, оның барлығы емделіп шықты. Көз жұмғандар тіркелмеді», - деді ҚАЗҰМУ Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Әділ ҚАТАРБАЕВА.

Новости партнеров