|
10.06.2021 | 15:50
1018

Денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа онлайн орналасуға болады

Мемлекеттік білім беру ұйымдарында Jumys SmartNation жоғары тиімділік пен өнімділікті көрсетті

Денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа онлайн орналасуға болады snob.ru

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп, қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың ашықтығы, жариялылығы және заңдылығы, сондай-ақ, өңірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа орналастыру үдерісін автоматтандырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ге сілтеме жасап.

Енді ауруханаларға, емханаларға және басқа да мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелеріне жұмысқа орналасу Jumys SmartNation порталы арқылы жүргізіледі.

Денсаулық сақтау ұйымдарына орналасқысы келетіндерге Jumys SmartNation порталына тіркелу, лайықты бос жұмыс орнын таңдау және кадр бөлімінің одан әрі қарауы үшін өтініш жіберу талап етіледі.

Денсаулық сақтау ұйымдарына сәтті жұмысқа орналасу үшін конкурстық іріктеу кезеңдерінен өту қажет. Орта медициналық қызметкер лауазымдарына конкурстық іріктеуге құжаттарды тексеру, тестілеу және конкурс комиссиясының қатысушыларымен әңгімелесу кіреді. Техникалық қызметкер лауазымына құжаттарын тапсырған үміткерлерге конкурстық комиссия қатысушыларының құжаттарды тексеруінен өту қажет.

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша ең үздік көрсеткіші бар үміткерді жалдау туралы шешім қалыптастырылады. Бухгалтерлік жүйелермен интеграция бақылау органдарына жұмысқа орналасу және жалақы төлеу фактісін бақылауға мүмкіндік береді.

2018 жылдан бері Jumys SmartNation порталы Түркістан облысының 904 мемлекеттік білім беру ұйымында сәтті енгізілді. Портал жұмысы кезеңінде 18 000-нан астам бос жұмыс орны жарияланды, оларға 29 931 үміткер өтініш жіберсе, 4 291-ден астам үміткер тестілеуден сәтті өтіп, тәуелсіз комиссияның қорытындысын алды. Оның ішінде 2 775 педагог жұмысқа қабылданды, сондай-ақ 4 483 маман техникалық қызметкер лауазымына жұмысқа орналастырылды.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарында Jumys SmartNation жоғары тиімділік пен өнімділікті көрсетті. Ақпараттық жүйені іс жүзінде пайдалану цифрлық бағытта дамуға және порталдың басқа салаларда кеңеюіне мүмкіндік береді. Осыған байланысты жақын арада Jumys SmartNation порталы арқылы жұмысқа орналастыру мәдениет, мемлекеттік архивтер, дене шынықтыру және спорт ұйымдарында қолжетімді болады.

Jumys SmartNation ақпараттық жүйесін ендіру ізденушілерді іріктеу мен жалдауда жоғары тиімділік пен өнімділікті көрсетті. Осыған байланысты мәдениет, мемлекеттік архивтер, дене шынықтыру және спорт ұйымдарына Jumys SmartNation порталы арқылы жұмысқа орналастыруды автоматтандыруды енгізу жоспарланып жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир