Бүгін Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында Wetlab-операциясын зерделейтін мамандар үшін «Кератопластиканың заманауи аспектілері» атты халықаралық шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталмыш шара көздің мүйізгек қабығын ауыстырып орналастыру (кератопластика) бойынша бағдарламасын дамыту тарапында өткізілді. Сарапшылардың деректері бойынша, бүгінгі күні Қазақстан Республикасында шұғыл түрде көмекті қажет ететін 1500-1700 пациенттер саны жиналған.
Беташар сөзбен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева сөйледі:
«Алматы қаласы бойынша бізде офтальмологиялық тұрғыда пациенттерді емдейтін 11 ұйым бар, оның ішіндегі, 2 ұйым біздің басқармаға қарасты ведомстволық мемлекеттік болып табылады. Бұл Орталық қалалық клиникалық аурухана және Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы. Қалғандары республикалық және жеке меншік түріндегі ұйымдар. Офтальмологиялық емді қажет ететін пациенттер санының өсуін ескере отырып, ОҚКА базасында офтальмологиялық орталықты құруды жөн санадық. Өз атымнан кератопластика бойынша айтарлықтай әдістемелерімен бөлісуге келген әріптестеріме еңбектеріңіздің жемісті болсын деп тілек айтқым келеді», – деді өз сөйлеуінде.
Сипмозиумнан басқа, офтальмология саласындағы мамандар үшін үш күн аралығында америкалық және қазақстандық офтальмохирургтар көз қабығының себебінен көрмей қалған пациенттерге жасалатын операция тәжірибесімен бөлісетін болады. Қазақстан Республикасы ДМ бас штаттан тыс офтальмологы, профессор, м.ғ.д. және С. Асфендиберіп яров атынд. ҚазҰМУ кафедрасының меңгерушісі Марат Сүлейменовтің айтуынша, бұл операция түрі көз қабығын қатты жарақатсыз, ауырмайтын жолмен ауыстырып орналастыруда фемтосекундты лазерді қолдану арқылы жасалатын болады.
«Көз қабығының тегіс болып, көз қабығы қабаты тілінбейді, яғни, операциядан соңғы асқыну қаупі азаяды», – деді маман.
Айта кетейік, кератопластика - көз қабығынан көрмей қалған пациенттерге көру қабілетін қалпына келтірудің бірден бір әдісі және мұндай шеберлік сағаты біздің дәрігерлер үшін аса маңызды болып саналады.