|
01.06.2023 | 17:15
1944

Алматылық дәрігерлер «Қан тапсырып, адам өмірін құтқар!» акциясын жалғастырып жатыр

Акцияға мекеменің 70 қызметкері атсалысып, нәтижесінде медицина қызметкерлері 31,5 литр қан жинады

Алматылық дәрігерлер «Қан тапсырып, адам өмірін құтқар!» акциясын жалғастырып жатыр Almaty.tv

Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері  Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Қан тапсырып, адам өмірін құтқар!» акциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қан тапсыруға еріктілер арасында қарсы көрсетілімдері анықталмаған дәрігерлер, орта және кіші медициналық персоналдар болды.

Акцияға мекеменің 70 қызметкері атсалысып, нәтижесінде медицина қызметкерлері 31,5 литр қан жинады.

Барша қызметкер бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарап, қан тапсыруға медицина қызметкерлері тағайындаған нұсқаулық бойынша дайындалып келді. Донорлық қанды Республикалық қан орталығы жинады.

Клиника қызметкерлерінің айтуы бойынша, ауру айтып келмейді және адам өмірін аман алып қалу мәселесі туғанда көмекті жедел көрсету керек деп есептейді.

- Бөтен адамға өз еркімен және қайтарым күтпей қан беру – адам баласы жасай алатын ең ізгі әрекет. Статистикаға сүйенер болсақ, орта есеппен бір донор кемі төрт науқастың өмірін құтқарады екен, сол арқылы ол игі іс жасайды. Қазіргі уақытта басқа да адамдардың жүрегін оятып, оларды да ерікті түрде донорлар қатарына қосылуға жетелеу керек, - дейді ОҚКА директорының орынбасары Жасұлан Баймаханов.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында, донор болуға 18 жасқа толған, ауыр, ілеспе аурулары жоқ, физикалық тұрғыда дені сау кез келген саналы азамат өтініш бере алатынын айтты. Соның өзінде, егер ерікті қан тапсыруға дайындықпен келмесе, одан қан алудан бас тартуы мүмкін, мәселен жеке басын куәландыратын құжат болмаса, донорлық қан алынбайды.

Донорлыққа ерікті ретінде атсалысу үшін минималды дайындық қажет.

Донор болуға еріктілерге қойылатын талаптардың ең негізгісі: еріктінің салмағы кемі 50 кг болуы керек. Қыз балалар мен әйел адамдарда етеккір циклы аяқталғаннан кейін 5 күн өтуі керек. Аяғы ауыр әйелдерге қарсы көрсетілім ретінде қан тапсыруға болмайды, сонымен қатар емізулі әйелдер де кемі 1 жыл көлемінде қан тапсыра алмайды.

Қан тапсырардан 4-6 сағат бұрын майлы тамақ жеуге тыйым салынады. Донорға қан тапсырмас бұрын қара шәй, қант қосылған немесе қантсыз кофе, су және жеңіл печенье жеуге рұқсат етіледі. Қан тапсырар алдында сүтті және майлы өнімдерді тұтынудан уақытша бас тартқан жөн.

Татуаж және пирсинг болған жағдайда, татуаж салынған күннен бастап 6 ай көлемінде ерікті донорлыққа қан тапсыра алмайды. Донорлық қан тапсыруға өмірлік медициналық қарсы көрсетілімдер: АИТВ-инфекциясы, В және С вирустық инфекциясы, паразиттік аурулар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, туберкулез, гормоналды аурулар, жүрек- қан тамыры аурулары, онкологиялық аурулар, белгілі бір мүшені алып тастау, мүгедектік, және т.б.

Қалалық қан тапсыру орталығының мекенжайы: Алматы қаласы, Бұқар Жырау, 47, Манас және Байзақов көшелерінің ортасында.

Донорларды қабылдау уақыты: дүйсенбі мен сенбі аралығы сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін

Байланыс телефондары: қабылдау бөлімі: 8-727-338-23-82; 8-727-338-23-81.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир